«Менің түрікшем – Benim Türkçeм»: лицей мен университет арасындағы сабақтастық

2023 жылдың 17 мамырында «Ататүрікті еске алу, жастар және спорт» мерекесі аясында «InterLingua» лицейінің 7-8 сынып оқушылары арасында «Менің түрікшем-Benim türkçem» сайысы өтті. Бұл шараны Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ түлегі, «Шығыстану» білім беру бағдарламасының магистрі, түрік тілі пәнінің мұғалімі Малимова Ақайша Емшібекқызы дайындады.

Сайыс 4 турдан тұрды: тест сұрақтары; грамматикалық сұрақтар; Kahoot қосымшасы арқылы сөздерді жылдамдықта табу; өлең оқу сайысы.

Қазылар алқасының құрамына шығыстану факультетінің жетекші оқытушылары: ф.ғ.к., профессор Алиев Г.А., PhD Юрдакул Ялчын, аға оқытушы Мажикенова Ж.У., сонымен қатар «InterLingua» лицейінің директоры Құсмолдаев Ж.Н. және оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Күрішбекова А.Қ.

Сайыс жоғары деңгейде өтті, лицей оқушылары түрік тілін меңгеру деңгейін көрсетті. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. Оқушылар шығыстану факультетінің жетекші оқытушыларын үлкен қызығушылықпен тыңдап, пайдалы кеңестер мен сұрақтарына жауаптар алды. Балаларға түрік тілі мен түрік мәдениетін дамытуда жаңа ынталандырулар алуға үлкен мүмкіндік берілді.

Бұл шара білім сабақтастығының дәлелі: лицей – университет. Білім және ғылыми капиталдың интеграциясы. Факультет пен лицей арасындағы серіктестік білім сапасын арттырып, оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

Печать