Фулбрайт стипендиаты, Ph.D. Джудит Баббитстің төрт айлық біліктілігін арттыру курсы

2023 жылдың 30 қаңтарынан 19 мамыр аралығында Массачусетс-Бостон университетінің профессоры (АҚШ), Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты, PhD Джудит Баббитс Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде «Жоғары оқу орындарында оқытудағы технологиялар рөлі» тақырыбында төрт айлық біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Аталған курсқа Аударма және филология факультеті мен Шет тілдері педагогикалық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысып, өз біліктіліктерін жетілдірді. Курсты сәтті аяқтаған 62 оқытушыға біліктілікті арттыру курсына қатысу сертификаты табысталды. Осы уақыт аралығында профессор Джудит Баббитс студенттермен де тығыз жұмыс жасап, олардың мәдениетаралық коммуникативтік біліктіліктерін арттыру мақсатында апта сайын (15 сағат) 15 топтың студенттеріне дәріс өтті. Сонымен қатар, ол университет қабырғасында және университеттен тыс ұйымдастырылған мәдени-танымдық іс-шараларға белсене қатысты.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать