«Жеңіс мұрагерлері» халықаралық онлайн - марафоны

Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы оқытушылары 2023 жылдың  30 сәуірі  мен 10 мамыры аралығында өткен Г.Р. Державин атындағы Тамбов  мемлекеттік университеті (РФ) ұйымдастырған  «Жеңіс мұрагерлері» атты халықаралық онлайн-марафонына қатысу үшін университет студенттерін дайындады.

 Онлайн-марафонның мақсаты – заманауи тарихтың шешуші кезеңінде ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен 1945 жылғы Ұлы Жеңіс батырларын еске алу. Іс-шара төмендегідей міндеттерді шешуге бағытталған:

  • замандастарымызға Ұлы Отан соғысы тарихының маңыздылығын  сезіндіру және осы тарихи мұраны сақтап қалу үшін жеке қатысуға деген ұмтылысын дамыту;  
  • «ұрпақтар эстафетасы мен байланысын» қамтамасыз ету, жас ұрпақтың санасында адамгершілік құндылықтарды нығайту;
  • ұлтаралық өзара түсіністік пен өзара сыйластықты дамытуға қосымша жағдайлар жасау;
  • жастарды халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараға тарту.

Студенттер ұсынған бейнематериалдарда Ұлы Отан соғысы (жеке және ұжымдық қатысу) туралы өлеңдер оқылды және Ұлы Отан соғысы кезіндегі әндерді және Жеңіске арналған әндер (жеке және ұжымдық қатысу) орындалды.

Кафедраның профессоры Қабдолова К.Л.  ШТПФ 101-тобының төмендегі студенттерін дайындады: Аязбаева Жазира, Серікова Акбэлла, Бауыржанқызы Жания, Қуаныш Аружан, Заурбек Әлия, Ният Назерке, Әбдіқұл Жеңіс. ШТПФ 114-топтан  –  Алменова Камила, Айтпай Аида, Жұмабек Альмира, Нұрахмет Аида, Нұрбекова Нұрбақыт, Окетова Анель, Тельман Фатима, Тұраш Альбина, Тұрлыкожа Еңлікгүл, Кансейіт Айдана, Мокушева Аида, Темір Еркемай, Набиалы Амина, Бактыгереева Гульназира, Әскербек Әсем, Әбдібек Бану және Инкаш Назерке – ШТПФ 107 топтың студенті.

Профессор Баяндина С. Ж. – Серік Еркемай (126 топ, ШТПФ).

 Доцент Акбембетова А.Е. – Айтбекұлы Жалғас пен   Кемелбек Аяулым (122-топ (ШФ), Шағдарбеков Нұрлыбек  (115 топ, ШФ).

Доцент  Юнусова М. С.  –  Ақылбекова Әсел, Чалиев Алишер (101-топ,  МжХКФ) , Асылхан Арайлым, Оңалбек Рауан (127-топ, ШТПФ).

 Доцент Сапарбаева А.М.  –  Оңғарбек Дина, Отарбаева Үміт, Бекжігітова Аружан (110-топ, ШТПФ).

Доцент Алтаева А.Ш. –  Алдаберді Аружан (113-топ, ШТПФ), Ринаткызы Кәусар, Машурова Сабина ( 103-топ, ШТПФ).

«Жеңіс мұрагерлері» халықаралық онлайн-марафонына қатысқан барлық студенттер сертификаттармен марапатталды, ал оқытушылар Г.Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университетінің (РФ) Алғыс хаттарына ие болды.

 

 

Печать