Шығыстану факультетінің студенті жапон тілінде 26-шы Орталық Азиялық шешендік өнер байқауының жеңімпазы атанды.

Жапон тілінде 26-шы Орталық Азия шешендік өнер байқауы

2023 жылдың 20 мамырында Бішкекте жапон тілінде 26-шы Орталық Азия шешендік өнер байқауы өтті. Іс-шараға Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстаннан келген студенттік командаларды қосқанда 18 адам қатысты.

Қазақстаннан жүлделі 3 орынды Шығыстану факультетінің ҚазХҚжӘТУ, 3 курс студенті Тұрдықожа Мадина «Ата-анама айтпағаным» тақырыбымен иеленді.

Шешендік өнер сайысы тек байқау ғана емес, жапон тілін үйренетін және жапон мәдениетіне қызығушылық танытатын студенттердің кездесуі мен тәжірибе алмасу алаңы болды.

Шығыстану факультетінің студенті мен жапон тілі оқытушыларын шын жүректен құттықтаймыз. Сізге сәттілік тілейміз!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 17. ОРНЫҚТЫ ДАМУ МҮДДЕЛЕРІНДЕГІ ӘРІПТЕСТІКТЕР

Печать