Мемлекеттік рәміздер күніне орай шығыстану факультетінде дәріс сабағы өткізілді

Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Шығыстану факультетінде PhD, қауымдастырылған профессор Сайкенева Динара Қайратқызы 2-ші маусымда 4 курс студенттеріне дәріс сабағы өтті.

Дәріс ҚР әнұранын тыңдаудан басталды. Дәріс барысында Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының шығу тарихы мен оның ел ұғымындағы орны туралы айтылды.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.

Дәріс соңында Қазақстан Республикасының рәміздеріне байланысты арнайы дайындалған викториналық сұрақтар беріліп, студентердың алған білімдері нақтыланды.

Печать