2023 жылдың 13 қыркүйегінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрінің кеңесшісі Фатима Жақыпованың әкімшілік және педагогикалық ұжыммен кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты қызметкерлерді Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының білім сапасын қамтамасыз етудің ұлттық үлгісін қалыптастыру және енгізу маңыздылығы туралы ақпараттандыру болды.
Кездесу барысында Фатима Надырқызы Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің шетел тілді кадрларды даярлаудағы, көптеген жылдар бойы Қазақстан Республикасының атын халықаралық аренада танытып жүрген халықаралық мамандарды қалыптастырудағы ерекше рөлін атап өтті.
Сондай-ақ, кездесу қатысушыларына бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдында тұрған жоғары білімнің басым міндеттері, негізгі үрдістер мен оқытудың жаһандық тәсілдері түсіндірілді. Ф.Н. Жақыпова университеттердің әлемдік университеттер арасындағы позициясы мен имиджін жақсарту үшін маңызды көрсеткіштер болып табылатын ұлттық және жаһандық рейтингтерге университеттердің қатысуына назар аударды.
Басқарма төрайымы С.С. Құнанбаева және университет ұжымы атынан уақытылы ақпараттық қолдау көрсеткені және республикалық, халықаралық рейтингтердегі позицияларды жақсартуға көмектесуге дайын болғаны үшін Фатима Надырқызына алғыс айтамыз.