«6В04201- Құқықтану» және «6В04202 – Халықаралық құқық» Білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің пәндік олимпиада

2023 жылдың 15 қараша айында «Ғылым апталығы» шеңберінде Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес  факультетінің Халықаралық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен  «6В04201- Құқықтану» және «6В04202 – Халықаралық құқық» Білім беру бағдарламалары  бойынша студенттердің  пәндік олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттіліктерін анықтау, студенттерді оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметіне ынталандыру, студенттердің кәсіптік-тұлғалық әлеуетін, өзін-өзі тану, шығармашылық қабілеттерін ашу, тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуына ықпал ету. 

Олимпиаданың әділқазылар алқасы жұмыс берушілер мен кафедраның Профессор - оқытушылық құрамынан жасақталды.

Олимпиадаға «Құқықтану», «Халықаралық құқық» ББ-ның 3, 4 курс студенттері өз білімдерін ортаға салды. Нақтылап айтар болсақ, «Фемида», «Жеті Жарғы», «Әділет»  «Знатоки права» және «Эмиссар», «Қыран», «Procuratoris» топтары   қатысты.

Олимпиада барысында студенттер берілген тапсырмаларды орындап, өз білімдерін сынға салды. Әділқазылар студенттердің білімдерін жекелей және топтар арасынан бағалап, нәтижесінде: «Құқықтану» ББ бойынша  топтардың арасынан 1 орынды -«Знатоки права» , 2 орынды - «Жеті Жарғы», 3 орынды - «Әділет» , , «Фемида»  топтары иеленді.Жекелей біріншілік бойынша 1 орынды- Құттыбек Динара, 2 орынды Сипакова Анфиса және Ермекқали Руслан - 4 курс студенттері, 3 орынды –Альжанов Султанбек -3 курс студенті  иеленді.

«Халықаралық құқық » ББ бойынша  топтардың арасынан 1 орынды -«Эмиссар», 2 орынды - «Procuratoris», 3 орынды - «Қыран» топтары иеленді. Жекелей біріншілік бойынша 1 орынды- -Махаметжанова Сабина - 3 курс студенті, 2 орынды  - Қозыбек Мақпал - 4 курс студенті, 3 орынды –Нурмахан Асанали - 4 курс студенті иеленді.

Сонымен қатар арнайы номенациялар бойынша  мынадай  студенттер «Болашақ цивилист» Арыстанбеков Амирхан , «Білікті заңгер»номенациясын – Ермекқали Руслан, Ермекбаев Диас, «Заңгер теоретик» номенациясын – Ералиева Диана, Әмірғали Айсұлу, «Болашақ тергеуші» номенациясын –Саматова Салтанат, Нурмуратұлы Мадияр, «Қылмыстық құқық білгірі»- Төлеген Әсел, Хасанай Жанали марапатталды.  «Халықаралық сарапшы»- Көпбаев Исмат, «Құзырлы дипломат»- Ануарбекова Алема, Санақ Бағдәулет мадақтамамен  марапатталды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать