Ашхабад қаласында өткен II ашық халықаралық интернет-олимпиада

2023 жылдың 5 желтоқсанында Түрікменстан астанасы Ашхабадта жоғары оқу орындарының студенттері арасында экология бойынша II ашық халықаралық интернет-олимпиада өтті.

Олимпиадаға Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры М.Ю. Насырованың ғылыми жетекшілігімен: Горбулина Альмина, "Шетел филологиясы" мамандығының 2 курс студенті (235 гр.) және Имамзаров Ілияс, "Халықаралық қатынастар" мамандығының 2 курс студенті (210 гр.) қатысты.

Олимпиада С. А. Ниязов атындағы Түрікменстан ауыл шаруашылығы университетінің ресми сайтында және "Moodle" платформасында жеке жарыстар түрінде тікелей эфирде ұйымдастырылды.

Студенттік іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеттері аясында:

- Түркіменстанның білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту;

- Түрікменстан және шет елдердің жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және кеңейту;

- студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыру және олардың өз кәсібіне, ғылыми зерттеулеріне қызығушылығын тудыру;

- студенттердің экологиялық сауаттылығын дамыту, болашақ мамандықтарында табиғатты қорғау және экологиялық қарым-қатынас дағдыларын қолдана білу;

- студенттердің цифрлық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша теориялық міндеттерді шешуге қызығушылықтарын қалыптастыру.

Әрине, жоғарыда айтылғандардың бәрі болашақ мамандардың экологиялық мәдениеті мен патриотизмін қалыптастыруда маңызды.

Ұйымдастырушыларға шақырғаны үшін және студенттерге халықаралық деңгейдегі олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать