Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-де «Күшіміз бірлікте» атты еріктілер форумы өтті

2023 жылғы 8 желтоқсанда Ablai Khan University-де университет студенттері, "Еріктілер лигасы" және "Көмек" еріктілер ұйымдарының мүшелерінің қатысуымен "Күшіміз бірлікте" атты университетішілік еріктілер форумы өтті. Университет ректоры С.С. Кунанбаеваның атынан қатысушыларды Халықаралық еріктілер күнімен Идеология және қоғамдық даму басқармасының басшысы Г.С. Егенбаева құттықтау сөзін жолдады.

Біздің университетте еріктілер бірлестіктерінің өкілдері болып табылатын және еліміздің қоғамдық өміріне атсалысуға, пайдалы және белсенді болуға ұмтылатын 400-ге жуық студент бар. Сөз түйінінде, Г. Егенбаева Университет еріктілер қатарындағы студенттерін мақтан тұтатынын айтты.

Университеттің "Еріктілер лигасы" мен "Көмек" ұйымдарының жетекшілері атқарған жұмыстарының нәтижелері мен ағымдағы кезеңдегі жетістіктерін көрсетті, ал "Көмек" еріктілер ұйымының негізін қалаушысы Аламшо Гафуров сөз сөйлеп, "Көмек" еріктілер қозғалысының қалыптасу тарихы мен қызметінің ауқымы, сондай-ақ еріктілердің мүмкіндіктерін атап өтті. Форум қорытындысы бойынша қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан және ерекше көзге түскен студенттер алғыс хаттармен марапатталды. Форумның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына алғыс айтамыз. Барлық игіліктер тілейміз.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 1. КЕДЕЙЛІКТІ ЖОЮ, Қауымдастық жаңалықтары

Печать