“Компьютерлiк лингвистика” байқауы

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің "Білім беруді кәсіби цифрландыру" кафедрасы мен қашықтықтан білім беру орталығы факультеттерінің студенттері арасында цифрландыру күніне арналған біздің университет ректоры Салима Сағиқызы Құнанбаеваның 80 жылдығына орай 2023 жылғы 08 желтоқсанда "Компьютерлік лингвистика" тақырыбы бойынша Питон бағдарламалау тілін пайдалана отырып, жобалардың университет студенттерінің конкурсын дайындап, өткізді.

"Компьютерлік лингвистика" студенттік жобалар байқауы аударма және филология факультетінің базасында өткізілді. Байқауға Аударма мен Филология Факультеті және Шетел Тілдері Педагогикалық Факультет - екі факультетінен 13 команда (2-3 курстың 35 студенттері) қатысты, әр команданың өзіндік атауы болды.

Конкурстың мақсаты: 1) студенттердің компьютерлік лингвистика, Питон бағдарламалау тілінің көмегімен тілді өңдеу және мәтінді филологиялық талдау мен лингвистикалық-аударма жұмыстарын орындау кезінде жаңа цифрлық технологияларды қолдану саласындағы жетістіктерін көрсетумен қатар, 2) гуманитарлық сала студенттерінің компьютерлік лингвистикаға қызығушылығын ынталандыру және олардың ғылыми қызметке деген қызығушылығын дамыту мақсатында өтілді.

Компьютерлік лингвистика бойынша байқаудың ұйымдастырушылары болып білім беруді кәсіби цифрландыру кафедрасының жауапты оқытушылары тағайындалды: Ташкын Э., Карпенко Т.Е., Сері Л.Т., Трофимова А.В. Студенттердің конкурстық жұмыстарының жетекшілері білім беруді кәсіби цифрландыру кафедрасының оқытушылары: Карпенко Т.Е., Бердыгулова А.Д., Елеусизова Г.С., Сері Л.Т., Әділбекова А.К.

Сарапшылар тобына (қазылар алқасы) информатика, лингвистика және стилистика мамандары кірді: Ташкын Э. - PhD, Мизамхан Б.М. - ф.ғ.к., ассоц.профессор, Аударма және Филология Факультетінің деканы, Андасбек Н. - Master of Arts, Data Science бағдарламаларының үйлестірушісі, Каримова К.К. - ф.ғ.к., аударма және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының доценті, Жапарова А.А. - магистр, аударма және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушы.

Байқауға лингвистикалық талдау саласындағы жетекші мамандар да қатысты: Саймкулова Ш.О. – аударма және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының меңгерушісі, Куркимбаева А.М. - PhD, шетел тілдердің сөйлеуге машықтандыру кафедраның меңгерушісі, Құрманбаева Д.Т. - PhD, шетел филологиясының теориялары кафедра аға-оқытушы, Бактиярова Р.М. - PhD, роман тілдері кафедра меңгерушісі, Қожбаева Г.К. - аға оқытушы, магистр, Сопиева Б.А. - шетел филологияның сөйлеуге машықтандыру кафедраның меңгерушісі.

Байқау екі кезеңде өтті: Бірінші кезең - компьютерлік лингвистика тақырыбындағы жобаны форматтардың бірінде қорғау: MS PPT презентация немесе веб-сайт; екінші кезең - компьютерлік лингвистика бойынша интерактивті ойын-тест (Kahoot)-пен өткізу.

   Қазылар алқасы қатысушылардың жобаларын бағалап, 1, 2, 3 орындардың жеңімпаздарын анықтады. Бұл командалар:

1 орын - бір команда:

  • "Unikko" Маковский Богдан, Аударма ісі (жетекшіci Карпенко Т. Е.)

2 орын - екі команда:

  • "LinguaCode" Бекмағанбет Нұрмұхамбет, Аударма ісі (жетекші Сері Л.Т.)
  • "Warriors" Мұратова Әмина, Жұмағалиев Сағындық, Кәрімжанов Рузибай, Аударма ісі (жетекшici Карпенко Т. Е.)

3 орын - үш команда:

  • "Лилит" Брежнев Алена, Аударма ісі (жетекшісі Бердіғұлова А.Д.)
  • "Fixiki" Сүлейменова Айдана, Қожахмет Адель, Изтурганов Манас, Шетел филологиясы (жетекшici Карпенко Т. Е.)
  • "CyberThrone" Төлегенова Снежанна, Насырова Карина, Аударма ісі (жетекшici Карпенко Т. Е.)

Байқаудың ойын және эмоционалды сәті "Компьютерлік лингвистика" тақырыбындағы интерактивті тест болды, онда студенттердің білімі және сұраққа шешім қабылдау жылдамдылығы тексерілді. Kahoot подиумына Аударма және Филология Факультетінің ең жылдам және білімді үш студенті шықты: Жазылбекова Диляра (D), Бекмағанбет Нұрмұхамбет, Қожахмет Адель (Adele/Fixiki).

"Компьютерлік лингвистика" байқауының барлық жеңімпаздары мен қатысушылары Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нін басшылығының дипломдарымен, сертификаттар мен Алғыс хаттарымен марапатталды. Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті және білім беруді кәсіби цифрландыру кафедрасының демеушілері атынан сыйлықтар берілді (Degirmen, Dial Stroy, OZZE Group).

Компьютерлік лингвистика байқауы үлкен қызығушылықпен және ынтамен өтті. Студенттер Питон бағдарламалау тілін қолдану арқылы алынған нәтижелермен дәлелденген әдеби шығармалар мен мәтіндерді лингвистикалық талдау бойынша бірегей идеяларды ұсынды. 

Оқытушылар мәтіндерді талдаудың және стилистикалық интерпретацияның жаңа, технологиялық, аспектісіне кәсіби қызығушылық танытты.

 

Байқауды ұйымдастыру комитеті

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 5. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК, МАҚСАТ 8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать