18 желтоқсан Халықаралық араб тілі күніне арналған «Араб тілі – әлемдік тіл» атты мерекелік іс-шара

Шығыс филологиясы кафедрасы араб тілі секциясының жетекшісі Салтанат Тайжанқызы Аманжолдың ұйымдастыруымен 2023 жылдың 5 желтоқсанында «Араб тілі – әлемдік тіл» атты мерекелік іс-шара өткізіліп, Шығыстану факультетінің деканы, с.ғ.к., проф. Э.М. Қағазбаева, кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., проф. Г.Ж.Бүркітбай, ф.ғ.к., қауым. проф. Ш.Б.Қожабекова, ф.ғ.к., проф. Д.Ә.Есенжан, магистр, аға оқытушы Ж.У.Мажикенова, магистр, аға оқытушы М.Б.Манашева, т.б. қатысты.

Мерекелік іс-шара аясында арабтанушы-ғалым, аудармашы, араб қолжазба маманы, Абай өлеңдері мен поэмалары жинағын араб тіліне аударушы, «Сұлтан Заһир Бейбарыстың өмірбаяны», “RIZYQ”, т.б. еңбектердің, “Аят сырлары” курсының авторы, PhD доктор Қ.Т. Садыбаев лекция оқыды.

Университетіміздің «Шетел филологиясы», «Шығыстану», «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы араб тілі бөлімі студенттері мен Нур-Мубарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенттері арасында арабша өлең оқудан, ән айтудан, «Kahoot» платформасында викторина, сөзжұмбақ шешуден жарыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар «Алғыс хатпен» марапатталды. Студенттер араб тілі жайлы мағлұматтармен тереңірек танысып, рухани қызығушылықтарын арттырды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 8. ЛАЙЫҚТЫ ЖҰМЫС ПЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

Печать