«Инновациялар арқылы электрондық оқыту стратегияларын игеру және енгізу» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«Білім берудің кәсіби цифрландыру» кафедрасы мен «Қашықтықтан білім беру орталығы»  29.12.23  күні «Инновациялар арқылы электрондық оқыту стратегияларын игеру және енгізу» атты мазмұнды академиялық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелде  Канаданың Ватерлоо университеті мен Ричмонд колледжінің спикері Баһа Алтай өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушылар арасында жан-жақты пікірталастарға жол ашты.

E-Learning болашағы, дағдарыстарға дайындық, күшейтілген оқу және әділ бағалау, технологияларды интеграциялау және қол жетімділік, педагогикалық инновация, факультетті дамыту, бағалау және талдау сияқты  мәселелері қарастырылды. Бұл басқосуда  қатысушылар E-Learning-ті енгізудегі инновациялық тәсілдер мен озық тәжірибелермен бөлісті.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 5. ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК

Печать