Шығыстану кафедрасының оқытушылары Бейжің тіл және мәдениет университетінде тағылымдамадан өтті.

2023 жылдың 17-30 желтоқсанының аралығында «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында қытай тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің шығыстану кафедрасының оқытушылары – Бұғытаева Самал және Дәулетова Гаухар Бейжің тіл және мәдениет университетінде тағылымдамадан өтті. Бағдарламаның мақсаты – оқытушыларды қытай тілін оқыту әдістеріне үйрету. Дәрістер мен топтық жұмыстан тыс, қытай шәй ішу дәстүрі бойынша шеберлік класы, «Қызыл сарайдағы түс» тарихии романына талдау жүргізілді, Бейжің қаласында экскурсиялар ұйымдастырылды. Оның ішінде: Қытай қорғаны,әлемдегі ең үлкен алаң – Тяньаньмэнь, Тыйым салынған қала. Бұл бағдарлама аяғына келген кезде, біздің оқытушылар қорытынды жұмыстарын тапсырып, тағылымдамаларын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар алды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ

Печать