Шығыстану факультетінің түрколог-студенттері «Түркі әлемінің цифрлық азаматтығы» атты халықаралық онлайн жобасына қатысуда

«6В02202- Түркітану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері «Түркі әлемінің цифрлық азаматтығы» атты халықаралық онлайн жобасына белсенді қатысуда. Жобаны іске асыру мерзімі: 2023-2024 оқу жылы. Бұл жобаның жалпы мақсаты – әртүрлі географиялық аймақтардағы түркітілдес мемлекеттерде тұратын студенттердің білімі мен танымдық дағдыларын жетілдіру.  

Жобаға 9 елден 67-ге жуық университеттер қатысуда. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нен үйлестіруші шығыстану кафедрасының доценті, т.ғ.к. Есеркепова Ж.О.

Бұл жобада Түркияның жетекші университеттерінің танымал академиктері мен профессорлары оқытушылар ретінде дәріс оқуда. Оқу үдерісінде аралық бақылау және емтихандар Амасья университетінің (Түркия) және Манас университетінің (Қырғызстан) ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Бұл жобаға қатысушы студенттер түркі әлемінің географиясы, мәдениеті, әдебиеті мен ғылымына қатысты цифрлық контентті белсенді түрде игеруде. 2023 жылы 23 желтоқсанда осы жоба аясында Қазақстан Республикасын таныстыру апталығы өтті. «6В02202-Түркітану» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Ерен Айзере мен Сатыбалдина Еркеназ т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О. жетекшілігімен онлайн форматта «Қазақ халқының ұлттық тағамдары» атты түрік тілінде баяндама жасады. Курс ұйымдастырушылары қазақстандық студенттердің баяндамаларын жоғары бағалады. Курс соңында жақсы нәтиже көрсеткен студенттерге сертификаттар беріледі.

Түрколог студенттеріміздің халықаралық онлайн-жобаны нәтижелі аяқтауларына сәттілік тілейміз!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 16. БЕЙБІТШІЛІК, СОТ ӘДІЛДІГІ МЕН МЕН МЫҚТЫ ИНСТИТУТТАР

Печать