Студенттердің Алматыдағы "Central Asia Connect for Peace" фестиваль аясындағы фильм көрсетіліміне қатысуы

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің журналистика мамандығының 3-курс студенттері «Бункер» көркем шағын фильмін тамашалауға қатысып, фильм авторы Әділет Мәкеновпен ақпараттық, манипуляциялық және теледидарлық насихаттың әсері туралы қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін талқылады.

Фильм фактчекинг құралдарын пайдалану, медиасауаттылықты дамыту және ақпарат көздерін мұқият сүзгіден өткізу тек журналистер үшін ғана емес, сонымен қатар әлемде күнделікті шамадан тыс ақпарат ағынын қолданатындар үшін де қажетті дағды екенін тағы бір рет дәлелдейді. Мұндай туындылар, соның ішінде қысқаметражды фильмдер жиі өзекті мәселелерге назар аудару үшін қолданылады.

Шараны 2023 жылғы 18 қаңтарда Алматыда «Central Asia Connect for Peace» (CACP) фестивалі аясында Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен Internews ұйымдастырды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 16. БЕЙБІТШІЛІК, СОТ ӘДІЛДІГІ МЕН МЕН МЫҚТЫ ИНСТИТУТТАР

Печать