ҰЛАҒАТТЫ ҒАЛЫМ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Өткені жарқын, бүгіні сергек, жанына ізгілік жинаған, болашаққа айтары мол ақсақалдарымыз қашанда қадірлі! Жүз пайыз жүзеге асқан тұлға ретінде осындай ірі тұлғаларымыздың кішіпейілдік пен кісілікке, еңбекқорлық пен адалдыққа, сана мен парасатқа негізделген өнегелі ғұмырын кейінгілер нұсқа тұтар үлгі десек қателеспейміз. Қаңтар айының 24 жұлдызында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің қазақ филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, ҚР Жоғары мектебі ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қалиев Байынқол Қалиұлының 85 жас мерейтойына арналған «Қазақ тіл білімінің тарланы» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к, қауымдастырылған профессор Б.Қ.Аққожинаның модераторлығымен басталған дөңгелек үстел Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің ректоры, академик С.С. Құнанбаеваның алғы сөзімен ашылды. Университетіміздің Оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры Т.Ә.Кульгильдинованың лебіз сөзімен ұштаса өрілген тіл білімінің тарланы, тау қыраны, ұлағатты ұстаз Байынқол Қалиұлы хақында түсірілген бейнебаян ғалымды құрмет етуші көрермен жүрегіне жылы ұялап, тұлғалы азаматтың өнегелі өмірі жөнінде сыр шертті.

Туған күн иесіне ыстық ықыластары мен шын жүректен шыққан құттықтау тілектерін арнап, шоқ гүлдерін ұсынуға, ілтифатын білдіруге келген ғалым, әріптестер қарасы мол болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, ф.ғ.д., профессор Ж.Қ.Түймебаевтың ғалым мерейтойына арналған ыстық ықыласын сол университеттің басқарма мүшесі – Әлеуметтік даму жөніндегі проректоры С.Қ.Суатай жеткізсе, Абай атындағы ҚазҰПУ атынан ф.ғ.д,, профессор Қ.Ө.Есенова, Ж.А.Қоқанова, ҚазҰҚПУ атынан  ф.ғ.д., профессор А.А. Сәтбекова, А.С.Асанбаева, Мемлекеттік тілді дамыту институтының директоры, ф.ғ.к., профессор Б. С.Қапалбек құттықтау лебіздерін арнады.

Тілі білімінің тарланы Байынқол Қалиұлының шәкірті, белгілі терминтанушы, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ф.ғ.д., профессор Ш.Құрманбайұлы,  ҚМЭжБИ Гуманитарлық ғылымдар және білім беру колледжінің профессоры, ф.ғ.д. З.Ш.Ерназарова, ҚазҰҚПУ атынан  ф.ғ.д., профессор М.С.Атабаева, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Ж.Ж. Есеналиева, университетімізің Шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі,  ф.ғ.к., профессор Г.Ж. Бүркітбай, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  ф.ғ.к., доцент К.Қ. Күркебаевтардың жасаған Байынқол Қалиұлының әзіз ғалымдық бейнесін, майталмандық сипатын, ұстаз, басшы келбетін, терең де бай танымдық әлемін ашып көрсеткен баяндамалары дөңгелек үстел қатысушыларының ықыласына бөленді.

Печать