«Құқық негіздері» акт дәрісі

2024 жылдың 25 Қаңтарында Ablai Khan University-де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Маймақов Айболат Тілеубайұлы «Құқық негіздері» тақырыбында дәріс оқыды.

Құқықтық сауаттылықты дамыту, қылмыстық құқық бұзушылық ретіндегі нашақорлық пен ойынға тәуелділіктің алдын алу іс-шараның күн тәртібіне айналды. Сондай-ақ, лектор батырымыз Бауыржан Момышұлын мысалға ала отырып, жастар арасындағы патриоттық, азаматтық борыш тақырыбына тоқталды.

Полковник А.Т.Маймақов мырзаға танымдық кездесу үшін алғысымызды білдіреміз!

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, МАҚСАТ 16. БЕЙБІТШІЛІК, СОТ ӘДІЛДІГІ МЕН МЕН МЫҚТЫ ИНСТИТУТТАР

Печать