ӘСКЕРИ КАФЕДРА!!!

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ 2024 жылы 01 ақпаннан бастап әскери кафедрада оқу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген студенттерден (жасөспірімдер мен қыздардан) құжаттар қабылдауды бастайды.

Конкурсқа қатысуға ЖОО-да күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттер, конкурс өткізілетін жылға 24 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.

Өзіңізбен бірге:

1) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме).

2) Көлемі 3х4 см фотосуреттер - 4 дана.

3) Сотталған болуы немесе болмауы туралы анықтама.

4) Факультеті мен мамандығы көрсетілген ӘҚҚҰ-да оқу туралы анықтама.

5) құжаттар үшін 2 файл.

6) Шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік немесе (egov.kz -тан алынған әскери билеттің әскери билет көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады:

Досмұхамедов көшесі, 15 (Н.Гоголь және А.Шәріпов көшелерінің қиылысы), №5 ҚК.

Анықтама телефоны: 8 (727) 233-78-68, моб.:+7 701-400-65-44 (звоноктар қабылданады 9:00-16:30 с.)

Печать