"PR мамандығының қоғамға әсері" мастер класс

2024 жылдың 13 ақпанында "Қоғаммен байланыс" мамандығының студенттеріне PR эксперті Асель Алимхановадан "PR мамандығының қоғамға әсері" тақырыбына мастер класс өтті.

Асель Алимханова студенттерге «ҚазМұнайГаз» жанармай құю станцияларының ребрендингін жариялауда жинаған тәжірибесімен бөлісе отырып, PR мамандығы көптеген бизнес және саяси ұйымдардың имиджін көтеруге қалай көмектесетінін көрсетті. Асель Алимханова «Ақылды Астана» жобасына, сонымен қатар Орталық Азиядағы бірінші халықаралық Seedstars САММИТ-іне қатысқан.

AU студенттері өздерінің кәсіби жолы үшін баға жетпес білім мен пайдалы кеңестер алды.

Tags: Тұрақты даму мақсаттары, МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары, Қауымдастық жаңалықтары

Печать