«Бизнес-жоспарлау» халықаралық студенттік олимпиада

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің "Халықаралық бизнес" кафедрасы 2024 жылғы 20 ақпанда "Бизнес-жоспарлау" пәні бойынша онлаин халықаралық студенттік олимпиада өткізді.

Халықаралық олимпиадаға келесі жоғары оқу орындарының 10 командасы қатысты: University of PEMBANGUNAN NASIONAL VETERAN JAKARTA (Индонезия), Thaksin University (Тайланд), Алматы менеджмент университеті, ҚазҰУ. әл-Фараби (3 команда), Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті, КазУМОиМЯ им. Абылай хан (3 команда).

Олимпиаданың мақсаты- студенттердің бизнес-жоспар құру дағдыларын арттыру.

Халықаралық студенттік олимпиада қазылар алқасының құрамы:

Төраға:  Сеитова А. Ж. - "Хоум кредит банк"АҚ филиалдық желі басқармасының бас маманы

Комиссия мүшелері:

  1. Сейтбаткалова А. С.-"Софт клуб"ЖШС қаржы директоры
  2. Мыңжанова г.Т. –Халықаралық бизнес кафедрасының меңгерушісі, PhD, ассоц.профессор
  3. Акпарова А. А. - э. ғ. к., PhD, профессор
  4. Кашкимбаева К. Б. - э. ғ. м., аға оқытушы
  5. Отынбай Е.Б. - э. ғ. м., аға оқытушы

Қатысушы командалар мен қазылар алқасы дауыс беру қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:

1 орын-Алматы менеджмент университеті

2 орын - Таксин университеті (Тайланд) және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

3 орын-әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ (2 топ)

Келесі номинациялар берілді:

"Шешендік өнері үшін" - UNIVERSITY OF PEMBANGUNAN NASIONAL VETERAN JAKARTA (Индонезия)

"Шығармашылық ойлау үшін" - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

"Үздік жоба дизайны үшін" - Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті

Tags: МАҚСАТ 4. САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ, Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать