"1812 жыл: Соғыс және бейбітшілік" кітабының авторы Ж. Дүтмағанбетовпен кездесуі

21.02.2024 - Аударма және филология факультеті студенттері мен оқытушылары "1812 жыл: Соғыс және бейбітшілік" кітабының авторы Жалғасқали Дүтмағанбетовпен кездесті. Бұл кездесуге одан бөлек “Толғанай Т” баспасының директоры және жазушы-публицист Талғат Айтбайұлы, кітап редакторы, жазушы Өмірзақ Мұқай, аудармашы Әлия Наурызалина, және “Қазақстан” телеарнасының түсірілім тобы қатысты. Тарихи және көркем шығарма мұрағаттардан алынған сенімді дереккөздерге сүйене отырып, Ресей империясы мен Наполеон әскерінің арасындағы соғысқа қазақтардың қосқан елеулі үлесі жайлы баяндайды.

Біздің студенттерге кітап авторымен өз әсерлерін бөлісудің бірегей мүмкіндігі берілді. Ж.Дүтмағанбетов бұрынғы күрделі кезеңдегі қазақтардың басынан өткен фактілерді және аттары әділетсіз түрде ұмытылған тұлғаларды жарыққа шығарады. Кітап беттері 1812 жылғы соғыстың кейбір оқиғаларын сипаттайды, оның ішінде Еуропаның жүрегі саналатын Парижге дейін Наполеон әскерін орыс әскерлерімен бірлесе қуған көшпенділердің батылдығы мен ерлігін, сонымен қатар майданға азық-түлік, киім, мал және ақша жіберіп отырған тыл еңбекшілерінің көмегі туралы да әңгімелейді.

Кітап авторы осындай тарихи оқиғаларды қалпына келтіре отырып, біздің ата-бабаларымыздың рухани құндылықтары мен мәдени мұрасының маңызды мәселелерін де қозғайтынын айтады.

Студенттер бұл кітап олар үшін ынталандыратын, ойлануға серпін беретін шығарма болғанын айтады. Бұл кездесу оқырманның бабалар тарихы жайлы түсінігін кеңейту арқылы терең әсер қалдырғаны сөзсіз.

Печать