"Қазақ әдебиетінің ақ сұңқары" әдеби-музыкалық кеші

22.02.2024 ж. сағат 12:00 -де Бас оқу ғимаратындағы «Қызыл» мәжіліс залында  Сәкен Сейфуллинге 130 жылдығына орай ұйымдастырылған «Қазақ әдебиетінің Ақ сұңқары»  әдеби-сазды кеші өтті. Кеште кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен университетіміздің Халықаралық қатынастар, құқық  және бизнес факультетінің 1-курс студенттері  өнер көрсетті.

Әдеби кеште С.Сейфуллиннің жырлары оқылып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы көріністер көрсетілді. Ақынның өлеңдеріне жазылған әндер орындалып, би биленді. Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын таныту, дәріптеу  мақсатында ұйымдастырылған кеш барысында көрермендермен интелектуалды сұрақ-жауап ойын да ойнатылып, жүлделер табысталды.

Tags: МАҚСАТ 10. ТЕҢСІЗДІКТІ ҚЫСҚАРТУ

Печать