«Көптүрліліктегі бірлік: халықаралық тәжірибе» тақырыбында семинар өтті

2024 жылғы 21 ақпанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Көптүрліліктегі бірлік: халықаралық тәжірибе» тақырыбында  студенттік жастарға арналған семинар өтті.

Бұл іс шара 1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Алматы семинары» клубы жұмысының шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Алматы қаласының республикалық Достық үйінің жанынан құрылған «Алматы семинары» клубы 2022 жылы қоғамдық және мемлекеттік қызметтің түрлі салаларының өкілдерін, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымды, БАҚ өкілдерін, саясаттанушыларды, әлеуметтанушыларды, сарапшыларды, жалпы еліміздің жанашырларына қазіргі қоғамдағы өзекті сұрақтарға қатысты ой бөлісу, пікір алмасу алаңын жасау үшін құрылған болатын.

Аталған семинар Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мен Алматы қаласының Республикалық Достық үйі бірігіп ұйымдастырып отыр.

Семинар аясында қазақстандықтар үшін Алғыс айту күнінің тарихи маңыздылығы туралы, әр түрлі мемлекеттердегі қоғамдағы келісімді сақтаудың оң тәжірибелері, ҚХА құрылымдарының атқаратын жұмыстары туралы айтылды.

Tags: МАҚСАТ 16. БЕЙБІТШІЛІК, СОТ ӘДІЛДІГІ МЕН МЕН МЫҚТЫ ИНСТИТУТТАР

Печать