Негізгі қызмет бағыттары және Абылай хан атындағы университеті түлектері үшін Transavia әуе компаниясына жұмысқа орналасу мүмкіндіктері

27 ақпан 2024 жылы Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің «6В11101 Туризм» және «6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттеріне «Transavia» әуе компаниясының HR бөлімінің маманы Кусмолданова Айсана Куатовна әлеуметтік серіктес ретінде презентация жасады.

Презентация барысында «Transavia» әуе компаниясының негізгі қызметімен 3 курс студенттерін таныстырды. Сондай-ақ«Transavia» әуе компаниясы студенттерді өндірістік тәжірибеге алуға ниетті екенін баса айтты. Сонымен қатар «Transavia» әуе компаниясы жоғарыдағы білім беру бағдарламаларының болашақ түлектеріне жұмыс жасау мүмкіндігін түсіндіріп, жұмысқа орналасуға шақырды.

Әуе компаниясының спикеріне алғысымызды білдіреміз және сізді тағы да көреміз деп үміттенеміз.

Печать