«Шуақты кемел жас мектебінде» 60 жастан асқан адамдарға арналған ағылшын тілі курстары

2024 жылдың ақпан айының басынан бастап Шет тілдер педагогикалық факультетінің 3 курс студенті Рамбердина Сабина волонтерлік негізде 60 жастан асқан адамдарға ағылшын тілі курстарын жүргізіп келеді. Бегалин атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында Аян Ілиясқызы Джомартованың жетекшілігімен «Шуақты кемел жас мектебі»-інде (2017 жылдан бастап «Қуаныштағы кәрілік» қоры аясында жұмыс істейді) 50-ден астам адам қатысатын сабақтар процесі жүргізілуде.

Қазіргі таңда мектеп оқушылары пішу және тігу, шахмат үйірмесі, жапон тілі курстары сияқты үйірмелерге қатысып, екі ай бойы ағылшын тілін үйренуде.

60 жастан асқан адамдар үшін мектепте өткізетін уақыт өмірдің жаңа кезеңі болып табылады, онда олар әртүрлі қырынан ашылып, жаңа коммуникациялар жасайды, соңғы трендтерді үйреніп, өмірге ілесуге тырысады.

Болашақ ұстазымыз Рамбердина Сабина үшін бұл аға ұрпақпен қарым-қатынас жасауда, ағылшын тілінің әдістемесін, оқыту технологияларын меңгеруде және өзін-өзі тәрбиелеуде жаңа білім, дағдыларды меңгерудегі орасан зор тәжірибе. Бұл күнделікті сабаққа дайындалу, сабақты, жұмыс жоспарын құру және студенттердің ағылшын тілін меңгеру нәтижесін көру.

Сабинаға бар жақсылықты, ал шәкірттеріне ағылшын тілін тезірек меңгерулерін тілейміз.

Печать