«Адамның репродуктивті жүйесі органдарының репродуктивті денсаулығы және физиологиялық процестері» семинар-тренингі

2024 жылдың 12 наурызында репродуктивті денсаулығын сақтау, сонымен қатар туберкулездің алдын алу мақсатында факультеттердің 1 және 2 курс студенттеріне семинар өткізілді. Бұл шараның ұйымдастырушылары ШЖҚ «№7 қалалық емхана» МКК, сондай-ақ Aq jol жастар денсаулық орталығы болды.

Семинар барысында студенттерге репродуктивті денсаулығын сақтаудың маңыздылығы, ерте және жоспардан тыс жүктілікті болдырмау үшін жүргізілетін алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Контрацепцияның қолжетімді әдістері және оларды қолдану ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Дүние жүзіндегі ең көп тараған жұқпалы аурулардың бірі ретінде туберкулездің алдын алу да назардан тыс қалмады. Дәрігер бұл аурудың қауіптілігі, белгілері және емдеу әдістері туралы айтты. Жалпы республика бойынша және Алматы қаласы бойынша статистикалық деректер ұсынылды.

Бастамашы топтың жетекшісі, РАМ қауымдастырылған профессоры, токсиколог Ж.С. Жетибаеваға жастарды тәрбиелеудегі баға жетпес рөлі үшін алғысымызды білдіреміз.

Печать