Мұғалім: армандаған мамандық немесе өмірге бейімділік

2024 жылдың 11 наурызында шетел тілдері педагогикалық факультетінде «Мұғалім: армандаған мамандық немесе өмірге бейімділік» атты дөңгелек үстел өтті, оған «Екі шетел тілдерінің мұғалімі» мамандығының 4 курс студенттері қатысты. Шеттілдік білім беру әдістемесі» кафедрасының оқытушысы, Педагогика ғылымдарының магистрі Алмашова Камила Асқарқызының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада студенттер дипломалды- педагогикалық тәжірибеде алған тәжірибелерімен алмасты және мектептегі педагогикалық іс-әрекеттерді бейнелейтін видео-презентация дайындай отырып, болашақ ұстаз ретінде кәсіби шыңдалуында педагогикалық тәжірибенің маңызды рөліне тоқталды.

Қатысушылар мектепте ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеуден алған жағымды әсерлері, педагогикалық тәжірибе барысында туындауы мүмкін қиындықтар және оларды жеңу жолдары туралы талқылады, педагогикалық тәжірибенің білім, білік, дағдыларды меңгеруге ықпал ететін өте маңызды кезең екенін және одан әрі сапалы білім беру қызметі үшін қажет екендігіне назар аударды. Студенттер сабақты тиімді және қызықты өткізуді, оқушылармен жеке тіл табуды және типтік емес жағдайлардан шығуды үйренгендерін атап өтті.

Қорытындылай келе, барлық қатысушылар мұғалім – мамандықтан да үлкен дүние деген қорытындыға келді. Мұғалім адамды оқытады, тәрбиелейді және дамытады. Ұстаз – бұл мамандық және өмірге бейімдеу. Кез келген адам мұғалім бола алады, бірақ кез келген адам өзін бұл мамандыққа толықтай жүрекпен бере алмайды.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать