«Ult janary» қайырымдылық жәрмеңкесі

Мәдениет және ақпарат министрлігі биылдан бастап Қазақстанда Наурыз мерекесі жаңа форматта 10 күн тойланатынын баяндады. Қайырымдылық тек материалдық көмек көрсетуде ғана емес, рухани қолдау, көңілі жүдеу адамды жылы сөзбен жігерлендіру де маңызды. Бұл игі дәстүр, жас ұрпаққа үлгі болып, әрі олардың қоғамда жанашырлық, мұқтажға көмек беру және жақсылық жасауға деген ұмтылыстарын арттырады.

Онкүндік аясында 15 наурыз – қайырымдылық күніне орай Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық хатынастар және әлем тілдері университетінде «Ult janary» қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге университетіміздің студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдері мен белсенділері қатысты.

Сонымен қатар, қайырымдылық өз кезегінде тұрақты дамудың 1-ші және 2-ші мақсаттарында айқын көрініс табады. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің білім алушылары тұрақты дамудың мақсаттары аясында қайырымдылыққа өз үлестерін қосты.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық хатынастар және әлем тілдері университеті білім ордасында жастарды біліммен сусындатып, қайырымдылықты бойларына сіңіре отырып, білікті маман, қайырымды жан ретінде қоғамда өз орындарын табуға жол сілтейді.

Tags: МАҚСАТ 2. АШТЫҚТЫ ЖОЮ

Печать