2024 жылдың 11-12 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Қазақстан Республикасы ғылым қызметкерлері күніне арналған «Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдар» атты жас ғалымдар мен мамандардың Х Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияның мақсаты жас ғалымдардың білімі мен ғылыми зерттеулерінің өзекті мәселелерінің ауқымын қорытындылау, тәжірибе алмасу және жаңа идеялар қалыптастыру үшін алаң құру. болды.
Конференцияның негізгі тақырыптық бағыттары ҚББҒЗ кешендері мен ҚазХҚжӘТУ-нің инновациялық қолданбалы зертханаларын зерттеу тақырыптарына қатысты болды.
Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:
- Шет тілінде білім беру әдістемесінің өзекті мәселелері.
- Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі лингвистиканың, әдебиеттанудың және аударматанудың өзекті мәселелері.
- Шығыстану мен аймақтанудың өзекті мәселелері. Халықаралық қатынастар тарихы мен сыртқы саясаттың өзекті мәселелері; Жаһандық және аймақтық тұрғыдағы заманауи халықаралық қатынастар.
- Халықаралық ынтымақтастықтың өзекті тенденциялары: экономикалық-құқықтық аспектілері.
- Жаһандану жағдайында туризм және қонақжайлылық индустриясын дамыту теориясы мен практикасының өзекті аспектілері. Жаңа экономикалық және геосаяси жағдайлардағы бұқаралық коммуникация және PR.
- Білім берудегі қазіргі тенденциялар: жасанды интеллект, компьютерлік лингвистика және қашықтықтан оқыту.
Жас ғалымдар ғылым мен техниканың дамуында маңызды рөл атқарады, жас ғалымдардың конференциялары идеялар мен инновациялық тәсілдер алмасу алаңына айналуда. Конференция ғылымның түрлі салаларындағы жас ғалымдар мен профессорлардың басын қосты. Университетіміздің көрнекті профессорлары өздерінің ғылыми-зерттеу тәжірибелерімен бөлісіп, сол арқылы жас ұрпақты ғылыми ізденістерге ынталандырды.
Бұл конференция ұсынылған зерттеулердің алуан түрлілігімен ғана емес, сонымен бірге болашақ ғылыми жетістіктерге негіз болатын белсенді пікір алмасулар мен пікірталастармен де назар аударды.
Конференцияны ұйымдастырушылар ашықтық пен өзара сыйластық атмосферасын құруға ұмтылды, мұнда әрбір қатысушы өз зерттеулерімен бөлісіп, әріптестерінен жаңа нәрсені үйренуге мүмкіндігі болды. Бұл іс-шараның жас ғалымдардың шабыт көзіне айналуына, оларды тек өздерінің жетістіктерімен ғана емес, әріптестерінің жетістіктерімен де ынталандыруға әкелді.
Пленарлық отырыстан кейін конференцияға қатысушылар секциялар бойынша ғылыми зерттеулермен алмасуды жалғастырды.
Жалпы, жас ғалымдардың конференциясы тек зерттеулерді ұсыну алаңы ғана емес, сонымен қатар ғылыми шабыт пен пікір алмасу орталығына айналды. Ол ғылымдағы жас таланттарды қолдаудың және олардың өсіп-өркендеуіне қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын айқындады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Басқармасы