ҚазХҚжӘТУ студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған көрмеде

24 сәуір күні Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Н.Т.Жанақованың басқаруымен Шығыстану факультетінің студенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында өткізіліп жатқан ұлы ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған көрмемен танысты. Көрмеге қойылған ғалым өмірі мен қызметіне байланысты мұрағат, құжат, баспасөз, кітап материалдары туралы кітапхананың қорларды сақтау қызметінің жетекшісі Ф.Бектұрбекова, кітапханашылар Р.Мыспаева, Қ.Алтынбекұлы жан-жақты әңгімелеп, экскурсия жүргізді. Одан кейін студенттер кітапхана музейін, Қытай, Иран, Корея, Ресей, Үндістан мәдени орталықтарын, басқа да салалық залдарды, сонымен бірге белгілі жазушылар Ә.Нұршайықов пен Г.Бельгердің кабинеттерін аралап көрді.

Қорыта айтқанда, студенттер көрмемен танысу барысында академик Қ.И.Сәтбаевтың өмір жолы туралы толық мағлұмат алып, кітапхана қызметіне разы болды.

Печать