"Дала империяларының тарихы: оқиғалар мен тұлғалар" тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел

Ұлыс Жошының 800 жылдығын мерекелеу аясында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Дала империяларының тарихы: оқиғалар мен тұлғалар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің модераторлары саяси ғылымдарының кандидаты, доцент В.А. Ізтаева (кафедра меңгерушісі) және тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Г.А. Шотанова.

Дала империяларының мұрагері Қазақ мемлекеті алдыңғы дәуірлердің барлық негізгі ерекшеліктерін толық көлемде мұра етіп сол арқылы мемлекеттік дәстүрлерді байытуға және жаңартуға ықпал етті. Жошы дала империясының құрылуы, шарықтауы, құлдырауы және ыдырауы, қазақ халқының қалыптасуының мыңжылдық процесінің толық  аяқталуы мен қазақ мемлекеттілігінің бастауы болып табылады. Біздің дала тарихында, бетбұрыс  кезінде дала билеушілері жауапкершілікті өз қолдарына алып, жетістіктермен қатар табандылық танытқан жеке тұлғаның рөлі ерекше орын алады.  Қиын-қыстау кезеңде батырлық, қолбасшы­лық, дипломаттық, шешендік, кө­семдік, көрегендік қасиеттерімен танылған Бейбарыс, Хақназар, Әбілқайыр, Абылай және т.б. ерекше тұлғалар болды. Қа­зақ елінің тұтастығын, елдігін сақтап қалды.

Алтын Орда дала өркениетінің шежіресінде маңызды орын алды. Алтын Орда әртүрлі елдер мен халықтар арасындағы мәдениетаралық коммуникативті диалогты қамтамасыз ететін халықаралық қатынастардың даму тарихында ерекше орын алады.

Халықаралық дөңгелек үстелге Қазақстан, Ресей, Башқұртстан, Қарақалпақстан және Моңғолиядан  ғалымдары қатысты. Іс-шараға қатысушы ғалымдар ұлттық тарихтың өзекті мәселелерін белсенді түрде талқылады. Мысалы, Ұлы Дала мемлекеттілігінің рөлі туралы, жеке тұлғаның тарихтағы орны туралы, көшпелілердің материалдық және рухани мәдениетінің мәселелері көтерілді. Түркі әлемінің ақындық өнерін жан-жақты таныстырған отандық ғалым, профессор Қайрат Жаңабай,  Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, қазақстандық медиевист ғалым Е.М.Ужкенов қазақстандық шығыстану ғылымының дамуының маңыздылығы мен оның келешегі туралы пікірімен бөлісті.

Әскери өнердің көшпенділер үшін маңызы және оның қазіргі замандағы рөлі туралы Ш.У.Әлиханов атындағы тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері. А.Қ.Жұмаділ ойларымен бөлісті.

Ресейден, Башқұртстаннан, Қарақалпақстаннан келген шетелдік ғалымдардың пікірлерін тыңдау өте маңызды болды, олар Жошы ұлысының батыс аймақтарындағы демографиясы мен мәдениетінің тарихын зерттеу қажеттілігі туралы сөз қозғады. Қырым татар филологиясы, Қырым этникалық топтарының тарихы мен мәдениеті ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты, БҰҰ-ның бұрынғы сарапшысы Н.В. Бекиров дала империяларын зерттеу саласында бірлескен жоба жазуды ұсынды. Ғылыми шараны Ресей ғылым академиясының Уфа федералдық ғылыми-зерттеу орталығының Тарих, тіл және әдебиет институтының «Құрмет белгісі» орденінің жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты А.Г. Салихов, Өзбекстан Республикасы ҒА Қарақалпақстан филиалы (Нөкіс қ., Қарақалпақстан) Қарақалпақ гуманитарлық ғылыми-зерттеу институтының тарих бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор А.М. Жұмашев және т.б. ғалымдар атсалысты.

Бұл ретте ғылыми пікірталасқа Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушы-профессор құрамының ұйымдастырушылары қолдау көрсетті. Ғылыми шараға докторанттар, магистранттар және студенттер атсалысты.

Шотанова Г.А., т.,.к., қауымдастырылған профессор

Каргаев К.А.,аға оқытушы

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать