2024 жылдың 23 сәуірінде «Шеттілдік білім беру әдістемесі» кафедрасы Шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттік белсенділерінің қолдауымен мектеп оқушыларына ағылшын тілінен пәндік олимпиада – кәсіби бағдар беру және имидждік іс-шара өткізді.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- оқушылардың кәсіби және білім беру мақсатында қажетті ағылшын тілінің дағдыларын меңгеру тұрғысынан маңызды оқу жетістіктерін анықтау,
- оқушылардың ағылшын тілі мен мәдениетін одан әрі оқуға деген ынтасын арттыру,
- дарынды оқушыларды анықтау,
- мектеп оқушыларын шетел тілдерінің педагогикалық факультетімен таныстыру;
- мектептермен ынтымақтастықты кеңейту.
Шеттілдік білім беру кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттік кеңесінің ұйымдастыруымен ағылшын тілінен пәндік олимпиада бағдарламасы аясында лексикалық-грамматикалық тестілеуден және педагогикалық жағдаяттарды ауызша шешуден басқа, университет бойынша экскурсия, факультетті таныстыру және викторина сынды іс-шаралар өткізілді.
Олимпиадаға қатысушылар университет тарихына, ғылыми зерттеулерге, сондай-ақ «Екі шетел тілдерінің мұғалімі» білім беру бағдарламасы аясындағы оқу үдерісінің ұйымдастырылуына қызығушылық танытты.