Жаукебаева Аяулым- «Қазақстан Республикасының үздік студенті!»

24.04.2024 жылы Астанада «Адал жастар – әділ Қазақстанның тірегі» атты республикалық форум өтті. Форумның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам, адал еңбек, адал табыс» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау. Осы тақырыпта ғылыми жобаларымен Қазақстанның барлық университеттері, соның ішінде біздің Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Менеджмент және халықаралық коммуникация» факультеті «Менеджмент және маркетинг» мамандығы бойынша 2 курс студенті қатысты.  Жаукебаева Аяулым Берікқызы үздік ғылыми жобасы үшін 1-дәрежелі дипломмен, «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» төсбелгісімен және статуэткасымен марапатталды», ғылыми жетекшісі аға оқытушы Нурбекова Гулшат Салимовна.

Печать