AU студенттері TUDVA Халықаралық жобасында

02.11.2023-05.02.2024 аралығында барлық түркі тілдес халықтардың арасында TUDVA –түркі әлемі цифрлық азаматтық Халықаралық жобасы өтілді. Бұл жобаның мақсаты - әртүрлі аймақтарда тұратын Түрік әлемінің жастарын цифрлық платформада біріктіру және олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы хабардар ету арқылы цифрлық азаматтық сананы қалыптастыру. Жобаға Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті атынан Шет тілдер педагогикалық факультетінің 3 курс студенттері Асилбек Аружан мен Қалтай Аружан қатысып (жетекші- түрік тілі пәнінің мұғалімі Мажикенова Жаныл), 2024 жылдың 15 мамырында марапаттау рәсімі өтті, марапаттау барысында біздің студенттер Түркиядағы жазғы лагерьге жолдама ұтып алды.

Tags: Студенттің ғылыми-зерттеу және оқу-зерттеу жұмыстары

Печать