2024 жылдың 30 мамырында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-те Шет тілдер педагогикалық факультеттің ұйымдастырумен “Шет тілді білім беруде педагогикалық кадрларын даярлаудың заманауи мәселелері мен перспективалары" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел шет тілді білім берудің педагогикалық кадрларын даярлау бойынша жұмыс берушілер ретінде біздің ЖОО мен мектептер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Алмалы аудандық білім бөлімінің өкілдері, Алматы қаласы және Алматы облысы мектептерінің басшылары мен шет тілдері мұғалімдері, кластерлік жүйесі бойынша "Interlingua" лицейі мен Шет тілдері педагогикалық колледжінің басшылары, сондай-ақ Шет тілдер педагогикалық факультеттің оқытушылары қатысты.
Дөңгелек үстелде шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлаудың заманауи проблемалары мен перспективалық бағыттары, шет тілінде білім беретін жас мамандарды оқытудағы жаңа әдістер мен технологияларды іздестіру мәселелері мен заманауи тәжірибеге бағытталған және ізденімпаз маманның бейнесі және де дуальды оқыту бағыттарын талқыланды.