2016 жылдың 31 наурызында Кәсіби академиялық шет тілі кафедрасы 3-курс студенттері арасында «100 нақты қадам: Біз қазіргі заманғы мемлекетті қолдаймыз» атты зерттеу жобалар сайысын өткізді.
Алматы қаласының 1000 жылдығы мен Қазақстан Республикасының егемендігінің 25 жылдығына және президент Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам – 5 институционалдық реформа» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.
Сайыстың негізгі мақсаты – жастарда патриоттық сезім мен азаматтықты қалыптастыру.
Болашақ мамандар «100 нақты қадам- ұлт жоспары» стратегиялық даму бағытының іске асыру жолдарын көрсетті.