Біздің әріптестеріміз "Халықаралық туризм менеджменті" кафедрасының аға оқытушысы Амина Уайсова және "Шығыстану" кафедрасының меңгерушісі Самат Оралбаев "500 ғалым" Болашақ халықаралық бағдарламасы шеңберінде ««Зерттеулер, педагогика және көшбасшылық» CEHD шақырылған ғалымдар бағдарламасы" бойынша Америка Құрама Штаттарында орналасқан Миннесота университетіндегі тағылымдама бағдарламасын сәтті аяқтағанын қуана хабарлаймыз.
Біз әріптестерімізді мақтан тұтамыз, өйткені олардың қажырлы еңбегі, ісіне адалдығы мен табандылығы өз жемісін берді. Бұл жетістік олардың жетілуге ұмтылысының және оқуға деген құштарлығының дәлелі болып табылады. Әріптестеріміздің болашақ бастамалары университетіміздің профессорлық-педагогикалық құрамы мен студенттеріміздзі ғылымда жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандырады деп сенеміз.
Сондай-ақ, біз «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Әлия Оспанованың Миннесота университетінде болып, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарын марапаттау рәсіміне қатысқанын және әріптестерімізді бағдарламаның табысты аяқталуымен құттықтағанын қуана атап өтеміз.