Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қарсы тұру, жолын кесу және жоюдың негізгі бағыты ретінде азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру шеңберінде 2024 жылғы 26 қыркүйекте АҚ «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің» «Халықаралық құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы және «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қорының қолдауымен «Алматы – адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру аясында «Құқықтық мәдениет қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты барынша азайтудың басты шарты» тақырыбында семинар-конференция өтті.
Конференция бағдарламасы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу саласындағы азаматтардың құқықтық санасының деңгейін арттыруға, құқықтық ықпал ету тетіктерін қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясын әзірлеуге және тиімді іске асыруға байланысты құқық саласындағы практикалық мәселелерді талқылауға арналды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді және жүйелі күресті қамтамасыз ету үшін мінез-құлықтың заңды үлгісін құру, қоғамдық санада құқықтың сәйкестендіруін және әрбір азаматтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында талқыланды.
Конференцияға қатысушылар алдында Әкімшілік-ұйымдастыру жұмысы жөніндегі проректор Нұрғабылов Өмірзақ Шарапұлы кіріспе сөз сөйледі. Ол бұл конференция азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді тетіктерін дамыту саласындағы біліммен ақпарат алмасуға бағытталғанын атап өтті.
Конференция мәселелерін талқылауға Алматы қаласы бойынша «Алматы адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы және «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қорының президенті Марат Мәутенұлы Қалимолдин, Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Ардагерлер кеңесінің тексеру комиссиясының төрағасы Исаев Өміржан Ыбырайұлы; заң ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің Халықаралық құқық кафедрасының доценті Ахметов Булат Исаұлы; Алматы қаласындағы «Заң консультанттары палатасының» төрайымы Бердібекова Гүлнар Әуелбекқызы; заң ғылымдарының кандидаты, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің Халықаралық құқық кафедрасының доценті Жетібаев Нұрбол Сатыбалдыұлы; «Алматы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы және ҚБТУ, Аймақтық азаматтық даму ұлттық орталығының доценті Әбдіхалықов Қайыржан Саясатұлы; Алмалы ауданындағы «Алматы-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, «ТАРБАҒАТАЙ» заң консультанттары палатасының мүшесі, практикалық заңгер, кәсіби медиатор Эльмира Біләлқызы Таубаева; заң ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фарарби атындағы ҚазҰУ Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы технологиялар» ҒЗИ сарапшы-кеңесшісі Усеинова Қарлығаш Рахымжанқызы, сонымен қатар оқытушылар, студенттер және академиялық және ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысты.
Баяндамашылар өз сөзінде сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептерді жою және оның алдын алу шараларын күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске кедергі келтіретін құқықтық нигилизм, Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресудің заманауи әдістерін енгізу, азаматтық құқық бұзушылықтарды жоюға қатысты негізгі проблемалық мәселелерге тоқталды. Сыбайлас жемқорлықпен күресте қоғам, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Алматы жобасын әзірлеу – «Адалдық алаңы» жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру факторы ретінде академиялық адалдықты қалыптастыру маңыздылығын атап өтті.
Конференция соңында баяндамашылар Алматы қаласы бойынша «Алматы адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, «Парасатты ұрпақ үшін» қоғамдық қорының президенті М.М.Қалимолдиннің атынан алғыс хаттармен марапатталды және естелік сыйлықтарға ие болды.
Ағымдағы жағдай мен келешекті талқылай келе, конференцияға қатысушылар мемлекет пен азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана қоғамда орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының деңгейін айтарлықтай төмендететін бағыттарды белгілеуге болатынына сенімді.
Жалпы алғанда, конференция тамаша өтті, барлық қатысушылар пікірталастардан жаңа және пайдалы білім алды.