Алматы, 2024 жылғы 1 қараша: QS Quacquarelli Symonds, жоғары білім саласындағы жаһандық талдамалық агенттік QS World University Rankings: 2025 жаңа шығарылымын жариялады және қазақстандық ЖЖОКБҰ -ға халықаралық рейтингке қатысушыларды өз позицияларына сәйкес марапаттады.
Халықаралық тану, ғылыми зерттеулерді дамыту, білім беру ортасының сапасы, интернационалдандыру және академиялық ұтқырлық саласындағы жоғары оқу орындарының жиынтық бағасын ұсына отырып, ағымдағы жылдың халықаралық рейтингі онда қаралған және сараланған жоғары оқу орындарының саны бойынша ең үлкені болды – 106 ел мен аумақтан 5663 ЖЖОКБҰ.
Тұтастай алғанда, 2025 жылғы рейтингтік циклде QS World University Rankings талдау нәтижелеріне сәйкес «Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ «1201-1400» диапазонында орын алады, атап айтқанда халықаралық рейтингте 1215-ші орын алады, бұл өз кезегінде Университет рейтингте сараланған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 22% озып тұрғанын көрсетеді.
QS World University Rankings: Asia 2025 аймақтық рейтингі шеңберінде «Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ Азия мемлекеттерінің университеттері арасында 305-ші позицияны сенімді түрде бекітіп, өз көрсеткіштерін сәтті жақсартты.
Өңірлік рейтинг туралы айта келе, «Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ QS World University Rankings, Asia 2025: Central Asia-да Орталық Азия елдерінің университеттері арасында 18-орынға ие болды және Орталық Азияның үздік 20 университетінің қатарына кіреді.
Сондай-ақ, «QS World University Rankings by Subject | 2024» пәндік рейтингі шеңберінде Университет Linguistics білім беру бағдарламасы бойынша «251-300» және Modern Languages білім беру бағдарламасы бойынша «301-340» диапазонында орын алатынын атап өту қажет.
Осылайша, QS халықаралық рейтингтік агенттігіне қатысушы университеттер санының едәуір артуына қарамастан, «Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ QS World University Rankings 2025 рейтингтік циклінде өз позициясын айтарлықтай табыспен сақтап, QS World University Rankings, Asia 2025 өңірлік рейтингінде және QS World University Rankings, Asia 2025: Central Asia суб-өңірлік рейтингінде өз көрсеткіштерін жақсартты.
«Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ
QS World University Rankings 2025 рейтингтік циклінде:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
QS World University Rankings 2025 – «1201-1400»
QS World University Rankings: Asia 2025 – «305»
QS World University Rankings, Asia 2025: Central Asia – «18»
QS World University Rankings by Subject | 2024: Linguistics – «251-300»
QS World University Rankings by Subject | 2024: Modern Languages – «301-340»