2024 жылдың 12 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде "Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері" атты XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету, ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болды.
Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:
- Шеттілдік білім берудің когнитивті-мәдениеттанымдық әдіспамасы негізіндегі біліктілік моделінінің қазіргі шеттілдік білім беру парадигмасы.
- Шет тілдік білім берудегі кәсіби-коммуникативтік қарым-қатынас.
- Өзгеріп жатқан әлемдік тәртіп жағдайындағы қазіргі әлемнің сын-қатерлері мен қауіптері, жаңа көзқарас іздеу.
- Дүние жүзі халықтарының тілдері, әдебиеті және мәдениеті саласындағы зерттеулер: филология мен аударматанудың өзекті мәселелері.
- Болашақтың технологиялары: ЖИ және АКТ білім мен ғылымдағы дамушы факторлар ретінде.
- Қазіргі әлемдегі стратегиялық басқару және коммуникация: сын-қатерлері мен болашағы.
- Экономика және құқықтың заманауи процестері мен үрдістері.
Конференцияға ғылымның түрлі салаларындағы шетелдік және отандық ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.
Іс-шараның негізгі тақырыбы қарқынды технологиялық прогресс дәуірінде қоғам тап болатын жаһандық сын-қатерлерге инновациялық шешімдер мен жаңа көзқарастарды талқылау болды.
Пленарлық отырыста Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ профессорлары Б.А. Ахатова, А.А. Головчун, К.У.Кунакова, Т.А.Кульгильдинова, Д.М.Джусубалиева және Ресейдің белгілі ғалымдары профессор М.Р. Желтухина (Пятигорск, Мәскеу, Ресей), профессор В.И.Карасик, (Мәскеу); доцент О.В.Сергееваның (Краснодар қ., Ресей). баяндамалары тыңдалды.
Баяндамалар тақырыптарының қызықты әрі өзекті болғаны соншалық, тыңдаушылар конференция бойы ғылыми пікірталастарға толықтай қатысты. Конференцияға жас ғалымдар – магистранттар мен докторанттар да қатысты.
Түстен кейін конференция 7 секция бойынша жалғасын тапты.
"Жаһандық өзгерістер жағдайындағы ғылым мен білімнің өзекті мәселелері" атты XI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция білім, тәжірибе алмасу және халықаралық қатынастарды нығайтудың маңызды алаңына айналды.
Конференцияға қатысушылар алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастық пен осындай іс-шараларды өткізуге үміт білдірді, бұл біздің қоғамымыздың жарқын және тұрақты болашаққа қадам басуына мүмкіндік береді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Басқармасы.