2024 жылғы 20 қарашада білім беру грантын міндетті түрде өтеу шарттарын түсіндіру аясында жас мамандар мен философия докторлары (PhD) ҚР ҒЖБМ «Қаржы орталығы» АҚ өкілдері Серікқали Ақзира Серікқалиқызы және Тыныбеков Абылай Амангелдіұлымен кездесу өтті. Кездесудің модераторы Оқу басқармасының бастығы Мергембаева Айткенже Тұрсағұлқызы болды. Сондай-ақ, кездесуге университет заңгері Ибрагимова Мунара Токтахуновна және факультет өкілдері қатысты.
Ақзира Серікқалиқызы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды бөлуге, жұмысқа орналастыруға және міндетті түрде өтеуге қатысты мәселелерді түсіндірді. Сонымен қатар, жұмысты өтеу міндетінен босатылатын азаматтар санаттарын да атап өтті.
Түлектер толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.