2024 жылдың 21 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде белгілі тіл маманы, Филология ғылым докторы, профессор Жаналина Ләззат Қабылдашқызының 80 жылдық мерейтойына арналған «Интегративті лингвистика: теориялық және қолданбалы аспектілер» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында келесі ғылыми бағыттағы мәселелер талқыланды:
1 Қазіргі тіл біліміндегі номинация және деривация теориялары
2 Когнитивтік-номинативті парадигмалар жүйесінде тілді модельдеу
3 Әдебиеттану және коммуникациятану ғылымының өзекті мәселелері
4 Шет тілін оқытудың инновациялық технологиялары
5 Мәдениетаралық коммуникация контекстіндегі аударма мәселелері
Дөңгелек үстелдің модераторы п.ғ.д., профессор, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі проректоры Күлгілдинова Төлебике Әлімжанқызы болды.
Мерейтой иесіне құттықтаулар арнаған және баяндамалар жасаған:
- Қазақстандық белгілі ғалымдар: Сүлейменова Элеонора Дүйсенқызы, филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры; Әбішева Сәуле Жүнісқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы меңгерушісі, Абай атындағы ҚазҰПУ; Манкеева Жамал Айтқалиқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты; Шаймердинова Нұрила Ғаббасқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түркітану кафедрасы; Қасымова Рашида Таукелқызы, педагогика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры; Искакова Ғалия Алпысбекқызы, п.ғ.д., доцент, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғылыми хатшысы, Астана қаласы; Абаева Мадина, п.ғ.д., бас ғылыми қызметкер, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының психолингвистика бөлімі меңгерушісі;
- Ресей ғалымдары: Желтухина Марина Ростиславовна, филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, «Қарым-қатынастағы адам» ғылыми-білім беру орталығының директоры, РҒА Ғылыми-әдістемелік жетекшілік және сарапшылық қызмет дирекциясының Сарапшылар корпусымен өзара іс-қимылды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөлімінің сарапшысы, жалпы гуманитарлық ғылымдар және бұқаралық коммуникациялары кафедрасының профессоры, Мәскеу халықаралық университеті, Халықаралық коммуникативті этнопсихоанализ институтының директоры, Пятигорск қ.; Сергеева Ольга Викторовна, фил.ғ.к., доцент, факультеті ағылшын филологиясы кафедрасының доценті, федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны «Кубань мемлекеттік университеті», Краснодар қ.; Голев Николай Данилович, филология ғылымдарының докторы, Кемерово мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры; Бобылев Борис Геннадьевич, педагогика ғылымдарының докторы. профессор, тәуелсіз зерттеуші, Ресей Федерациясы; Уфимцева Наталья Владимировна, филология ғылымдарының докторы, филология факультетінің жалпы және салыстырмалы тарихи тіл білімі кафедрасының профессоры, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу қ.;
- Беларусь ғалымы: Никитевич Алекскей Васильевич, ф.ғ.д., Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің орыс филологиясы кафедрасының доценті, профессор;
- Қырғызстан ғалымы: Дербишева Замира Касымбековна, ғалымы профессор, Қырғыз-түрік «Манас» университеті, Бішкек қ.
Халықаралық дөңгелек үстелде Қазақстанның әртүрлі университеттерінің оқытушылары, докторанттары мен магистранттарының баяндамалары тыңдалды. Дөңгелек үстелді ұйымдастыруға теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы белсене қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бірлесіп жұмыс істеу және ғылыми пікірталас жүргізу мүмкіндігі үшін университет басшылығына ректор, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі С.С. Құнанбаеваға алғысын білдірді.