2024 жылдың 28 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Қазіргі заманғы саяси-экономикалық үрдістер және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы» атты семинар өтті.
Шараны Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық қатынастар кафедрасы мен Алматыдағы Республикалық Достық үйі ұйымдастырды.
Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, ф.ғ.д., Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйі жанындағы Алматы семинар клубының жетекшісі Гүлнар Аннақұлиева; «ҚБТУ» АҚ доценті, КИМЭП университеті, «Бәйтерек» венчурлық қоры» АҚ тәуелсіз директоры Дана Блиева; Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтының директоры Әкімжан Арупов, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, халықаралық қатынастар кафедрасының ассоц. проф. Әйтімбет Ләззат баяндама жасады. Семинарға Алматы қаласының республикалық Достық үйінің өкілдері, ҚХА этномәдени бірлестіктері мен құрылымдарының өкілдері, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары мен студенттері де қатысты.
Семинар басында PhD, ассоц. проф., Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Асхат Гүлнаш алғыс сөзбен бастап ашты. Семинарды халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Руслан Жакупов жүргізді.
Семинар барысында спикерлер мен қатысушылар әлемдік саясат пен экономика саласындағы негізгі тенденцияларды талқылады, пікір алмасты, жалпы инвестициялық саясат саласындағы тәжірибелер, сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы факторлары талқыланды.
Сонымен қатар, семинарға белсенді қатысып, ерекше көзге түскен «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Имамзаров Ильяс пен Плазун Олегті ерекше атап өткен жөн.