2024 жылдың 6 желтоқсанында «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасы А.С. Пушкиннің 225 жылдығына арналған «Орыс поэзиясының күні» әдеби-музыкалық композициясын өткізді.
Бұл шара академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Қытайдан, Франциядан, Италиядан, Жапониядан, Чехиядан келген және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және тілдер университетінде орыс тілін меңгерген шетелдік студенттер топтарында ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты студенттерді мерейтойы 2024 жылы атап өтіліп жатқан А.С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, сонымен қатар студенттердің коммуникативтік, лингвистикалық және мәдениетаралық құзыреттіліктерінің бақылау. Осыған байланысты студенттерге берілген тапсырмалар орыс тілін меңгеру белгілі бір деңгейіне сәйкес болды, яғни 29 оқушының барлығы іс-шара тақырыбын ашуға өз үлестерін қоса алды.
Кафедраның аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Г.К. Тойшыбаеваның басқаруымен студенттер өз командаларын таныстыруда, «Сен білесің бе А.С. Пушкинді?» атты викторинада, берілген тақырып бойынша (Пушкин деген кім? Пушкин шығармаларының тақырыбы қандай? Пушкин өмірінде қандай елеулі есімдер болды? Пушкиннің әлемдік әдебиет пен мәдениеттегі рөлі қандай?) диалогтар құруда белсенділік білдірді.
Орыстың әйгілі «О, калина гүлдейді...», «Мәскеу кештері», «Катюша» әндерін орындаған студенттер ерекше эмоционалды атмосфераны қалыптастырды.
Шетелдік студенттер қызығушылық пен шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, барлық тапсырмаларды жақсы орындады.
Студенттер Мартина Немейцова мен Камитбек Ердана қорытынды сөздерінде іс-шара барысында өзара жылы қарым-қатынаста болғанын, ұлы ақын туралы алынған ақпараттың пайдалылығын, көңіл-күйдің көтерілгенін атап өтті.