2024 жылдың 15 желтоқсаны мен 24 желтоқсаны аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және тілдер университетінің базасында Шихэцзы университетінің (ҚХР) профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Орталық Азиядағы аймақтану» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
Курс тыңдаушылары тақырыптың теориялық негіздерімен және практикалық аспектілерімен танысты, жетекші профессорларымыздың – аймақтану және халықаралық қатынастар саласындағы сарапшылардың дәрістер тыңдады.
Қонақтардың сапары барысында Қытайдан келген әріптестерге салалық базалардағы озық тәжірибелер көрсетіліп, аймақтануды дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары қарастырылып, талқыланды.
Бірінші күні оқытушылар халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры Шайморданова Зара Жуандыққызының «Аймақтық процестерді зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері» тақырыбындағы лекциясын тыңдады, сонымен қатар туризм кафедрасы PhD докторы Әмина Уаисова туризм бойынша сарапшылық кездесу өтті.
Келесі күні тыңдаушылар кафедра доценті Ләззат Әйтімбеттің «Аймақтанудағы ғылыми тәсілдер мен әдістер» тақырыбындағы дәрісімен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚазСЗИ Өкілдігінің шақырылған сарапшысы Болат Әуелбаевтың «Орталық Азия өзгермелі әлемде» тақырыбында дәрісімен танысты. Бұл күні олар университет жанындағы Конфуций институтында да барды.
Бағдарламаның үшінші күні Саяси зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Рүстем Мұстафин қонақтарға «Цифрлық технологиялар және аймақтану» тақырыбында дәріс оқыды. Одан кейін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде бард
Келесі күні кафедраның аға оқытушысы Мурад Шамилов оқытушыларді «Еуропа Одағы және Орталық Азия» тақырыбындағы дәрісімен таныстырды, содан кейін олар Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында барды.
Бағдарламаның бесінші күнінде курс тыңдаушылары профессор Рүстем Қадыржановтың «Трансаймақтық қатынастарды дамыту перспективалары» және профессор Айым Шұқыжанованың «Орталық Азиядағы шекаралық проблемалар» тақырыбындағы дәрістерін тыңдады. Бұдан кейін тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен қонақтық кездесулер өтті.
Демалыс күндері Шихэцзы университетінен келген қонақтар үшін де Алматы қаласы бойынша туристік саяхат ұйымдастырылды.
Курс бағдарламасының екінші аптасы ғылым докторы Нұрлан Муминовтың «Қазіргі әлемдегі аймақтандыру және жаһандану» тақырыбындағы және ғылым кандидаты Мейрат Омаровтың «Аймақтық қауіпсіздіктің заманауи тәуекелдері мен сын-қатерлері» тақырыбындағы дәрісімен басталды.
Бұдан кейін тыңдаушылар үшін сарапшы Фархад Қасеновтың қонақ дәрісі және Әділбек Ермекбаевтың жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аймақтық қатынастарды зерттеу орталығына сапары ұйымдастырылды.
Бағдарламаның соңғы күні қатысушылар А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сарапшысы Қайрат Ғабитханұлын тыңдап, ілеспе аударма зертханасында болды.
Курс соңында барлық оқытушылар бағдарламаны сәтті аяқтап, сертификаттармен марапатталды.
Біздің серіктес университеттер арасындағы өзара іс-қимылдың бұл форматы серіктестікті нығайтады және оқу үдерісіне жаңа мүмкіндіктер туғызады.