2025 жылдың 12 ақпанында «Менеджмент және Маркетинг» кафедрасы, Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінде «Халык Лизинг» АҚ тәуелсіз директоры, Корпоративтік басқару ұлттық кеңесінің мүшесі (Рейтингтер мен бағалау комитеті) Тасболат Айгүл Нұрғалиқызының «ESG және тұрақты даму практикасын дамыту» тақырыбында дәрісін өткізді.
Лекцияда тұрақты даму мәселелері, соның ішінде корпоративтік жауапкершіліктің рөлі, экологиялық, әлеуметтік және басқару аспектілері, сондай-ақ осы факторлардың бизнестің ұзақ мерзімді стратегиясына әсері кеңінен талқыланды. Лектор ESG принциптерін компанияларда іске асырудың сәтті мысалдарын келтіріп, қазіргі заманғы экономикалық қиындықтар жағдайында тұрақты тәсілдердің бизнестің мақсаттарына жетудегі маңыздылығын атап өтті.
Лекция студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, олар лекция тақырыбына қатысты сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдіріп, белсенді талқылауға қатысты.