17 ақпан 2025 жылы Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультеті “Халықаралық бизнес» кафедрасы “Аудит” пәні бойынша “Қаржы мекемелеріндегі бизнес-үдерістер аудиті: ресурстар мен тәуекелдерді басқару тиімділігін талдау” тақырыбында активтерді басқару, қазынашылық операциялар мен қаржы кеңес бойынша 20 жылдық тәжірибеге ие сарапшы Ибраимов Дәурен Қалмұқанұлының қонақтық дәрісін өткізді.
Қазақстан Ұлттық Банкі, NRN Capital Advisers тәрізді бірқатар белді қаржы институттарында қызмет атқарған. Құрылымдық мәміле, ALM-менеджмент, инвестициялық стратегия мен өтімділікті басқару маманы. Студенттер әр түрлі қаржы мекемелеріндегі қаржы есептілігі ерекшеліктерімен танысты, сондай-ақ спикер кәсіпкерлік субьектілерінің қаржы есептілігін құру және аудиттау бойынша кейстер келтірді. Студенттер қаржы есептілігі аудиті мен үдерісінің сұрақтарын талқылауға белсенді қатысты.