21 ақпан 2025 жылы Халықаралық қатынастар,құқық және бизнес факультеті "Халықаралық бизнес" БББ студенттері үшін "Мансаптық күтуді қалыптастыру: реализм vs. амбицилар" тақырыбында қонақтық дәріс өткізді. Дәрісті персоналды басқару саласында 20 жылдық тәжірибеге ие маман, «Freedom Finance Insurance» АҚ тәуелсіз директоры және директорлар Кеңесінің мүшесі - Садықова Айгүл Машурқызы өткізді.
Дәріс барысында Садықова Айгүл Машурқызы мансап күтуді қалыптастырудың негізгі тұрғыларын, реализм мен амбициялар арасындағы олардың балансын, сондай-ақ кәсіби дамуға әсер ететін факторларды жан-жақты қарастырды. Студенттер мансап құру стратегиясы, еңбек нарығының өзгерісі жағдайына бейімделу мен икемділік маңыздылығы, кәсіби мақсатқа жетуде soft және hard skills ролі туралы танып, білді. Кәсіби өсудегі өзін-өзі басқару, мақсат қою, мансап тәуекелін басқару және оңтайлы жол іздеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Дәріс кезінде студенттер жұмысқа орналасу барысындағы нақты мәселелер, халықаралық компанияларда жұмыс жасау ерекшелігі мен мансаптық өсу перспективаларына қатысты сұрақтар қою арқылы, үлкен белсенділік танытты. Садықова Айгүл Машурқызы кездесуді қорытындылай келе, өзінің жеке кәсіби тұжырымдарымен бөлісіп, заманауи жағдайда мансаптық тұрғыда ойдағыдай өсу бойынша практикалық ұсыныстар берді.