Халықаралық қонақ үй бизнесін құқықтық реттеу туризм саласының өзекті мәселесі болып табылады. 2025 жылдың 7 ақпанында «Legal Paradigma» ЖШС директорының құқық мәселелері жөніндегі орынбасары Сыдықов Тұрар Жұмаханұлы «Туризм», «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттеріне «Қонақ үй иесі және басқарушы компания қарым-қатынастарының құқықтық аспектілері» тақырыбындағы онлайн-дәріске шақырылған сарапшы ретінде қатысты.
Сыдықов Т.Ж. қонақ үйді басқару үлгілері, шарттар жасасудың құқықтық аспектілері, тараптардың жауапкершіліктерін шектеу, құқықтық тәуекелдер сияқты қонақ үй бизнесін құқықтық реттеудің маңызды мәселелеріне тоқталды. Кездесу барысында студенттер мен магистранттар болашақ кәсіби қызметінде қажетті практикалық білім алды. Студенттер талқылауға белсене қатысып, сарапшыға сұрақтар қойып, нақты ұсыныстар алды. Сыдықов Тұрар Жұмаханұлына тақырыптарды кәсіби талдап, практикалық кеңестер ұсынып, тәжірибе алмасқаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.