2025 жылдың 28 ақпанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ базасында жыл сайынғы "INYAZ Dancing" ЖОО ішілік байқауының финалы өтті. Финалда үш түрлі номинация бойынша 6 мықты биші бақ сынасты, олар байқау тапсырмаларын орындауда жарқын таланттар мен креативті шешімдерді көрсетті.
Қазылар алқасы 4 адамнан тұрды:
- Сатова Аделина - Force студиясының хореографы
– Нұрмәмет Мөлдір - Inyaz dancing 2024 жеңімпазы
- Жолкенова Данель - Z1 студиясының хореографы
- Майлыбаев Сұлтан - Z1 студиясының жетекшісі және хореографы
Қатысушылар жүлделер үшін 2 кезеңде күресті:
1 кезең - "Батыс билері" тақырыбы, қатысушылардың өздері қойған жеке би орындалды
Қатысушылардың хореографиялық білімі бағаланды
2 кезең - "қазақ индустриясындағы әндер" тақырыбы, қатысушылар университет хореографы қойған биді орындады
Бишілердің би шеберлігі бағаланды
Ең мықты 6 бишілер:
- Мағауия Айым – Шет тілдер педагогикалық факультеті 3 курс
- Қадир Айдана – Шығыстану факультеті 3 курс
- Турехан Жанель – Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультеті 2 курс
- Болжан Риза - Шет тілдер педагогикалық факультеті 1 курс
- Тілесқали Айасыл - Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультеті 2 курс
- Құлман Адема - Шығыстану факультеті 2 курс
Бірақ конкурстың жеңімпазы әрқашан бір және "Ablaikhan University - 2025 үздік бишісі" атағы мен 100 000 теңгелік жүлдеге Шығыстану факультетінің студенті Қадір Айдана ие болды.
Жеңімпазды құттықтаймыз, қазылар алқасы мен барлық қатысушыларға керемет кеш үшін алғыс айтамыз!